Біз JURTTYŃ BALASY арнасының 6 260 көрерменінен сұрау алдық. Қазақ пен орыс тілін қайда көбірек қолданады? Үйде ше? Жұмыста ше? Интернетте ше? Тіл саясатына көзқарасы қандай?
Жауаптар – қысқа. Нәтиже – төменде. Ал толық әдістеме, диаграмма, жеке оқиғалар – PDF құжатында.
«Мен Атырау қаласының тұрғынымын, 3 тілде еркін сөйлеймін. Бірақ тек қазақ тілін білетін жастар жұмыс табуға қиналады.»
«Год назад я потерял пропуск в Нацбиблиотеке. Сотрудница увидела, что я казах и начала говорить только на казахском. Впервые почувствовал себя чужим.»
PDF-те: толық сандар, әдістеме, қосымша визуализациялар және жеке оқиғалар.
Зерттеу неге керек?
Тіл туралы айтыс көп. Айқай да аз емес. Бірі - ұран, бірі - айып. Ал біз не істедік? Эмоцияны ысырып тастадық. Дерекке жүгіндік. Кім қай тілді қай жерде сөйлейді? Қазақ тілін үйренуге не бөгет? Қай тұста көзқарас қақ жарылған, қай тұста тоғысып жатыр? Сандар сөйлейді. Санамақ – шындыққа бастайды. Сонда ғана нақты шешім іздеуге жол ашылады.
7 түйін
Анкетаның тілі – жауаптың кілті
66,7 % респондент анкетаны орыс тілінде, 33,3 % — қазақ тілінде толтырды. Осы екі топ бір аудиторияның қос қырынан көрсетеді. Бұл – құндылықтарға қатысты жауапқа тікелей ықпал етеді.
№1
Этникалық алшақтық
Тілге қарай бөлінген топтар – этникалық құрам жағынан да өзгеше.
№2
Контент теңсіздігі
Қазақша жауап бергендер де орысша, ағылшынша контентті көбірек тұтынады. Мүмкін, бұл – аудитория мүмкіндігінің әсері.
№3
Кедергі көп
Қазақ тілін күнделікті қолданбаудың басты себебі – балалық шақта тіл ортасының болмауы, практика жетіспеуі, мектептегі оқытудың төмендігі.
№4
Мемлекеттік тіл жайлы ой екіге жарылды
Қазақша анкетаға жауап бергендердің 79,2%-ы «Қазақ тілі жалғыз мемлекеттік болсын» дейді. Орысша сауалнамада 55,2% «жоқ» депті.
№5
Қос тілді шындық
Көпшілік қазақ тілін білуге тиіс деп санайды. Сонымен бірге, әркім өзіне ыңғайлы тілде сөйлеуге хақылы дейді. Бұл – қостілді өмірдің ащы да ақиқат шындығы.
№6
Кемсіту – жарты халықтың басында
Респонденттердің 50%-ы тіл үшін кемсітуді көргенін не бастан өткергенін айтады. Бұл – жасырын шиеленістің анық белгісі.
№7
Деректерге шолу
Төменде – шағын ғана графиктер. Толық, интерактивті нұсқасын бөлек көруге болады.
Тілдік кемсітушілік
Қазақша анкета:
Орысша анкета:
«Иә» 50,3%
«Иә» 53%
«Жоқ/Жауап беруге қиналамын» 49,7%
«Жоқ/Жауап беруге қиналамын» 47%
Әр азамат қазақ тілін білуі тиіс пе?
Қазақша анкета:
Орысша анкета:
«Иә» 93,3%
«Иә» 53,8%
«Жоқ/Жауап беруге қиналамын» 6,7%
«Жоқ/Жауап беруге қиналамын»46,2%
Қазақ тілі жалғыз мемлекеттік тіл болу керек пе?
Қазақша анкета:
Орысша анкета:
«Иә» 79,2%
«Иә» 29,9%
«Жоқ» 12,7% «Қиналамын» 8,1%
«Жоқ» 55,2% «Қиналамын» 14,2%
Қазақ тіліне басты кедергілер
Қазақ тілін қолданбаудын негізгі себептері (орысша анкета). Толығырақ толық PDF-те.
Сол жақ – екі топтың бір жерден табысқан тұсы. Оң жақ – көзқарас қайшы түскен аралық.
Біріктіретін тұстар
Бөлетін тұстар
Қазақ тілі жалғыз мемлекеттік болсын ба?
Қазақ тілін бәрі міндетті білуге тиіс пе, әлде тек ресми салада ма?
Қоғамдық ортада қай тілде сөйлеуді еркін таңдау.
Адамдар «тілдік кемсітушілікке» нені жатқызады?
Тұрақты өмірде де, жұмыста да қостілділіктің пайдасын мойындайды.
Әркім өзіне ыңғайлы тілде сөйлеуге хақылы екенін құрметтейді.
Екі тілде де заманауи контент жетіспейді, соған мұқтаж.
Қазақ тілін сапалы үйретуге деген сұраныс зор.
Адамдардың дауысы (превью)
RU сауалнама
18–24, Алматы
«Я по национальности казах, но родился и вырос в Алматы, в русскоязычной семье и русскоязычной среде. В школе казахский преподавался с переменным успехом, поэтому было тяжело. Но я был бы только рад говорить и понимать казахский в идеале, просто так сложилось, что не было среды.»
RU сауалнама
18–24, Қарағанды обл.
«Я из того “подразделения” казахов, которые не говорят по-казахски. Смешки за ошибки, крики старших убили стремление. Я заранее прокручиваю в голове фразы, повторяю шёпотом и всё равно боюсь говорить.»
KZ сауалнама
25–34, Атырау
«Мен Атырау қаласының тұрғынымын, 3 тілде еркін сөйлеймін. Бірақ тек қазақ тілін білетін жастар жұмыс табуға қиналады. Қазақстан азаматы өз елінде қазақ тілін білмегені үшін жұмыс таба алмауы неге керек?»
KZ сауалнама
18-24, Ақтөбе облысы
«Негізі орыстілді болып өстім. Қазақ мәдениетін ұнатпадым, нағыз орысқұл болдым. 2022 жылы соғыс басталғанда ұлттық сана-сезімім оянды. Қазақ тілін білу керек, әр Қазақстан азаматына ол міндет болу керек.»
Толық, өңделмеген оқиғаларды жеке PDF-тен оқи аласыз.
Методология
Іріктеу: өздігінен таңдалған; Алматы мен Астананың үлесі – 50 пайызға жуық. Ер адамдар – 65 пайыз. Белсенді жастар басым.
Құндылығы: 1 000 жауаптан соң пайыздар өзгермеді, 1–2 пайыз шамасында ғана құбылды.
Шектеуі: бүкіл қоғамды толық бейнелей алмайды. Әлеуметтік жағымды жауаптар да араласуы мүмкін.
Формат: JURTTYŃ BALASY арнасының аудиториясы арасында онлайн-сауалнама.
Көлемі: 6 260 жауап.
Қайталау: бір жылдан соң қайта өткізіп, динамикасын бақылаймыз.
Ұсыныстар: енді қайтпек керек?
Бұл сауалнама дерегіне сүйеніп, үш деңгейге арналған жол ұсынамыз.
Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор
Қазақ тілі мұғалімдерін қайта даярлау. Жаттанды әдістен – жаңа бағдарламаға көшу.
eGov, ХҚКО, call-орталықтарда екі тілдегі интерфейстерге сапа стандарты қажет.
Тілдік кемсітудің әр оқиғасын ашық талдау, қабылданған шешімді жариялап отыру.
Бизнес пен медиа
Қазақша контентке гранттар мен байқаулар: сериал, ойын, блог, подкаст.
Өнімнің қазақша нұсқасын қолданушылармен сынап көру. Жай аударма емес – сапалы бейімдеу.
Клиентке екі тілде қызмет көрсетуді ереже етіп бекіту, персоналды оқыту.
Адамдар және қауымдастықтар
Сөйлесу клубтары, челлендждер, тәжірибе жасайтын чат-боттар.
Тілдік кемсітудің нақты жағдайын хабарлау, контент жасаушыларды қолдау.
Акцент үшін ұялтпа, керісінше сөзбен қолдау көрсет.
Жеке өзің қалай көмектесе аласың?
Контент авторларын қолдау, ынталандыру.
Шынайы тілдік кемсітулерді хабарлау
Акцентің үшін ұялма, әр дауыстың құны бар
Қазақ тілін күнделікті өмірде пайдалану
Қостілді материалдарды достарыңмен бөлісу
Қатысу
Тәжірибеңмен бөліс: қай жер қиындық тудырды, қай жерде керісінше шабыт берді. Барлық жазбалар модерациядан өтеді, ең қызықтысы жарияланады.
FAQ
Бұл жерде сұрақтарыңызға жауап ала аласыз
Жоқ. Көрермендер өз еркімен сауалнамаға қатысты. Біз оны халықтың ресми позициясы үшін емес, гипотеза үшін пайдаланамыз.
Анкета ұзақ әрі күрделі болды. Шамамен 1 000 жауаптан кейін пайыздар өзгермеді (1–2 % айырмашылық).
Иә, сілтемемен: «Дереккөз: “Қазақстандағы тіл мәселесі”, JURTTYŃ BALASY сауалнамасы (2025)».
Иә, лицензия талаптарын және анонимділікті сақтай отырып, форма арқылы сұрай аласыз.
Динамиканы көру үшін 12 айдан кейін екінші толқын өткізуді жоспарлап отырмыз.
Иә. Бізге жазыңыз. Расталған өтініш бойынша өшіреміз.
Жоба туралы
Бұл сауалнама JURTTYŃ BALASY YouTube-арнасының азаматтық зерттеулер сериясының бір бөлігі. Біз тіл, көші-қон, экономика сияқты даулы тақырыптарды ұраннан дерек пен адам дауысына аударамыз. Зерттеу орталықтарымен, медиа және білім бастамаларымен ынтымаққа ашықпыз.